26 ақпаннан бастап «Өрлеу» Қызылордада біліктілікті арттыру курстары басталды.
Атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту»; мектепалды даярлық топтарының, сыныптарының педагогтеріне арналған «Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері» тақырыптарында біліктілікті арттыру курстары өтуде.
Аталған курстар мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің, тәрбиешілерінің ойындық құзыреттілік деңгейін арттыруға, бастауыш білім беру ұйымында 5 жастағы балалардың оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін МАД топтары/сыныптары мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар:
1) ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын әрекетін дамыту үшін ерекшеліктерін меңгереді (оның ішінде ЕБҚ бар балалар үшін);
2) мектепке дейінгі ұйымның тәрбие-білім беру үдерісінде әртүрлі ойын түрлерін талдау және қолдану дағдыларын меңгереді;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру міндеттерін шешу үшін ойын және IT-құзыреттіліктерін қолдануға дайындығын көрсетеді;
4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың бағыттары мен қағидаттарына сәйкес кәсіптік қызметті ұйымдастырады;
5) 5 жастағы балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұнын және оқу мен жазуды үйренуге дайындық ерекшеліктерін, мектепке дейінгі дайындық процесінде 5 жастағы балаларда қарапайым логикалық-математикалық түсініктерді және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыруды зерттейді;
6) мектепке дайындық кезінде тәрбиелеу-білім беру процесін және дамытушы пәндік-кеңістіктік ортаны жобалайды;
7) мектепке дейінгі дайындық процесінде 5 жастағы балалардың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін АКТ қолдану дағдыларын көрсетеді.
Педагогтеріміздің біліктілікті арттыру курстарына қатысып, білімдерін, кәсіби біліктері мен дағдыларын шыңдауына тілектеспіз!
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<