Біліктілікті арттыруға арналған семинар өтті

573

0

🔹Аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетовтың төрағалығымен статистика саласы қызметкерлерімен семинар-кеңес өтті.

🔹Семинар-кеңесте статистика саласында жарияланатын мәліметтердің әдістемелік нұсқаулықтарын түсіндіру мақсатында Статистикалық көрсеткіштердің қалыптастырылуы және Мемлекеттік статистика туралы Заңының өзгерістері түсіндірілді.

🔹Сондай-ақ, семинар-кеңеске облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Нұрқабылова Гүлмира Жеткергенқызы, департаменттің статистика бөлімінің басшысы Оңғарбаева Айкенже Сақыпқызы, департаменттің құрылыс және инвестициялар статистикасы бөлімінің басшысы Есқараева Гүлзира Исламқызы, департаменттің құрылымдық статистика бөлімінің басшысы Сермағанбетова Роза Ақасқызы және департаменттің бас мамандары Төлегенова Айгүл Кәрісбекқызы мен Кенжеқожа Лаура Шәкімарданқызы қатысты.

🔹Сала мамандарының біліктілігін арттыруға арналған кеңесте мемлекеттік статистика саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен құқықтық негіздерін айқындайтын және қоғамды, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықты Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және экологиялық жағдайы туралы толық, анық, сапалы, ғылыми негізделген әрі уақытылы ресми статистикамен қамтамасыз етуге бағытталған заң негізі түсіндірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<