Білім алушыны дұрыс бағалау – оқытуда жетістікке жетудің бір факторы

645

0

Қызылорда қаласындағы С.Лапин атындағы №261 орта мектепте «Білім алушыны дұрыс бағалау – оқытуда жетістікке жетудің бір факторы» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Бағалау – қандай да бір үдерістің немесе жұмыстың нәтижесін көрсету; іс-әрекеттің жағымды және жағымсыз жағын анықтау; білім сапасын бақылау өлшемі; бағалау – оқыту үдерісіндегі жетістікті, дамуды анықтауға мүмкіндік беретін құрал; бағалау – білім беру барысында оқытушы қолданатын білім алушының іс-әрекетін түзету әдісі.

Практикум барысында мектеп педагогтері ағылшын тілі пәнінде өзін-өзі бағалау, бағалаудың ерекше түрлері, бастауыш сыныптарда қолданып жүрген ойын технологиясы арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістерімен бөлісті. Қазақ тілі пәнінде бағалау арқылы оқуға ынталандыру және қалыптастырушы бағалауды тиімді ұйымдастыру, орыс тілі пәнін оқытуда бағалау формалары мен әдістерін қолдану тәжірибелерін ортаға салды. Технология пәнін оқытуда қалыптастырушы бағалау арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар таныстырылды. Практикум жұмысын қорытындылау мақсатында жүргізілген тәжірибелік жұмыстарға кері байланыс жасалды.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері Ұлтай Ешимова «Критериалды бағалау – білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында тәлімгерлік-кеңес жүргізді.

Семинардың қорытынды бөлігіндегі сындарлы диалогта сұрақ-жауап арқылы мұғалімдер қиындық келтіретін тақырыптар аясындағы сауалдарына тренерден мазмұнды жауап алып, кері байланыста бүгінгі бас қосудағы жұмысқа бағаларын берді. Семинар жұмысына қатысушылардың өзара бағалауы арқылы үздік жұмыстар анықталып, алғыс хаттармен марапатталды.

Ұлтай Ешімова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының кафедра меңгерушісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<