Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қоғамдық сана мен азаматтардың ниеті өзгеруі керек екенін атап өтті. Президент тапсырмасына сәйкес қаржы және құқық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді.
Оған бірден бір дәлел ҚР ҚМА төрағасы Ж.Элимановтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде қаржылық қауіпсіздіктің алдын алу шаралары үздіксіз жүруде. Бүгінгі таңда облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қолдауымен мұндай шаралар біздің аймаақта да көрініс табуда. Мәселен, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мектеп оқушылары арасында қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «phygital» сайысын ұйымдастырды. 9-сынып оқушылары арасында өткен бұл шараға 4 мектептің оқушылары қатысты.
Үш бөлімнен тұратын сайыста оқушылар топ болып сынға түсті. Сұрақ-жауап бөлімінде қаржылық сауаттылықтарын көрсетсе, «Дұрыс па, бұрыс па бөлімінде жағдаяттық сұрақтарға жауап берді. Соңғы бөлім «phygital» спорттық сайысында оқушылар өздерінің ерік-жігерін, шеберлігін және жеңіске деген құлшынысын көрсетті.
Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар табысталды.
Қызылорда облысы бойынша
экономикалық тергеп-тексеру
департаменті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<