Білім – бақтың қазығы

4

0

Адам бойында Абай атамыз айт­қан ішсем, жесем, ұйықтасам және білсем, көрсем, танысам деген екі мінез бар. Екіншісі ізденіске, шығармашылыққа, білімге, құштар­лыққа үйретеді. Мектеп табал­ды­рығын аттаған сәттен бастап ұстаз­дарымыз оқу-білімге, адами тәр­биеге баулиды. Парасат, табандылық, ал­­­­ғырлық, сабыр, еңбексүйгіштік, адам­­гершілік, мейірімділікке үйре­теді. Мұға­лімдеріміз «кітаппен дос бол» деп, құрбы-құрдаста­рымыз­дың, ор­­та­мыздың жақсы, ең­бекқор, бі­лім­ге жаны құмар адам бо­луын тілеп оты­ратын. Жасымыз жиыр­ма, отыз, мейлі алпысқа келсе де, өмір бойы оқып, үй­реніп, жаңа­лық­­тар­дан қалыс қалма­уы­мыз ма­ңыз­ды дейтін. Қазіргі дамыған за­манның, ХХІ ғасырдың заманауи, білікті тұл­ғалары техниканы, тез иге­ріп, кез кел­ген жаңалықпен жұмыс жасауымыз қажет.

Жаңа білім мен ақпарат кез кел­ген жерде: үйде, жұмыста, аулада, көше­де кездеседі. Үйдегі теледидар, көлік­те қосылған радио, телефондағы әлеу­мет­тік желілер, адамдармен қа­рым-қаты­нас кезіндегі диалог, кітап­тар, газет-жур­­налдар – барлығы да бізге кем дегенде бір жаңалық көр­сетеді. Ата-әжеле­рі­міз­дің де теле­ди­дар қарап немесе газет-журнал оқып отырғанын жиі бай­қаймыз. Көп жасаса да, әлі күнге дейін не оқиды екен деп таңданатын едім, қазір өмір бойы оқумен айналыссақ та, қаншама сыры әлі ашылып болмаған бұл ға­ламның деректерін тауысып бітіре ал­майтынымызды түсіндім. Ғылым – теңіз, білім – демекші, әр саланың өз қызығы, құпиясы, терең­дігі бар.

Бұрын өмір бойы ізденісте, қо­ғам мен ғылымдағы жаңалықтар же­­тегінде жүретін мамандық мұға­лімдік деп ой­лайтынмын. Бірақ қазір ойым өзгерді. Жетістікке жетіп, та­бысты боламын, дүниеге кірпіш се­кілді қаланып, өмір­ден өз орнымды табамын деген әрбір тұлға өмір бойы оқу мен өсуді қажет етеді екен.

Жетістік дегеніміз – бір мақсатқа ба­ғытталған рухани және дене қуа­тының белгілі бір деңгейге, биікке жетуі.

«Тіліңмен жүгірме, біліммен жү­гір» деген мақалдың сөз төркіні дұрысты­ғы­на, өмірдегі қажеттілігіне толықтай ке­лісемін. Қазір адам­ның интеллекті, мәдениеті, жүріс-тұрысына қарап, қан­шалықты бі­лім­ді, көп білетіні байқалады. Бұл уақыт бос сөзбен қоғамда барлығына жаман жағынан көрінбей, алтынға тати­тын салмағы ауыр сөз арқылы көпшілікті өзіне қарата білетін ақылды адамдар за­маны болып тұр.

Өмір бойы оқу – жетістікке же­тудің жолы. Табысты болуға тал­пын­ған әрбір жан Мұхтар Әуезовтің мына сөзін есіне алуы  керек деп білемін: «Білім – бақ­тың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ – әлдекімнің азығы». Әлем тілдерін біліп, ғаламдағы жа­ңалықтарды, озық шығар­маларды оқып, уақыт – ең қымбат валюта екенін ескере келе, ұтымды жұмыс жүр­гізу нәтижесінде кез келген адам жетістікке жетіп, оның табандылығы мен сенімділігі де арта түспек.

Бауыржан САҒЫМБАЙ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті