Білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру

363

0

Фото: автордан

«Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады» – деген А.С.Макаренко. Жоғарыда келтірілген А.С. Макаренконың осы ойы өте керемет айтылған, яғни баланың дамуына тікелей әсер етуші – ойын.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін арттырып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар, ойын – тынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін, қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойын – бұл балалардың еркін, дербес іс-әрекеті, онда олар қолжетімді барлық ойын құралдарын пайдаланады, бір-бірімен еркін байланысады және өзара әрекеттеседі. Тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:

ойын арқылы үйрету;

түрлі балалар әрекетін ұйымдастыру арқылы (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) балаларды дамыту. Ойынның дамуына, балалардың ойын арқылы қалыпты жағдайда дамып жетілуіне тікелей қатысушылар: тәрбиешілер, тәрбиешілердің көмекшілері, дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық жетекші, педагог-психолог, ата-аналар. Қазіргі таңда балабақшаларда балалармен геймификациялық тәсіл арқылы жүргізілуде. Яғни, балаларда қалыптастырылуға тиісті дағдылар ойындардың негізінде жоспарлануда.
Ойынның кешенді нұсқаулығы жалпы құрамдас мазмұнмен өзара байланысты төрт компонентті қамтиды: балаларды қоршаған әлеммен белсенді іс-әрекетте таныстыру; ойын тәжірибесін байыту; пәндік ойын ортасын ұйымдастыру; ойын барысында тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасын жандандыру. Педагог ойында белсенді қатысушы (ойын серіктесі) және мұқият бақылаушы ретінде әрекет ете алады. Ойын іс-әрекетін дамыту үшін: балаларға жанама көмек қажет болатын ойын жағдайларын анықтау; ойнап жатқан балаларды бақылау және ойында күннің қандай оқиғалары көрінетінін түсіну; дамыған ойын әрекеті бар балаларды ойын нашар дамыған балалардан ажырату; егер ойын стереотипті сипатта болса, ойынды жанама түрде басқару. Қазіргі таңда орта мектептер мен мектеп-лицей, гимназияның мектепалды даярлық сынып педагогтері мен балабақша тәрбиешілеріне өз тәжірибесіне ойын түрлерін жоспарлауы, ерекшелігі, геймификация, әр жас тобында ойындарды қолдану, соның ішінде ЕББҚ балалармен жұмыс жасау, отбасымен байланыс жұмысы, жобалау мазмұны аясында курстар өткізілді.

Гаухар Таласбаева,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

кәсіби даму институтының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<