Білім беру тәсілі талқыланды

485

0

Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинеті) және «Orda» жоғары колледжінің ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары қатысқан шараның мақсаты – кәсіби құзыретті маманның сапасын арттыру, теориялық және практикалық сабақтардың рөлін күшейту.

Конференцияда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қоғамнан оқшаулану жағдайынан шығуы, мүмкіндігіне сәйкес білім алуға конституциялық құқықтарын іске асыру  сынды мәселелер қаралды.

Өзге өңірлерден қатысқан оқытушылар Zoom платформасы арқылы байланысқа шығып, өздерінің оқу үлгілерін таныстырып, алдағы жұмыс жоспарларын бөлісті.

Конференцияның ашылуында «Orda» жоғары колледжінің директоры Гүлжамила Досжанова шараның маңызына тоқталды.

– Оқу барысында шәкірт қызығушылығын арттыру арқылы жастарға дұрыс бағыт сілтей аламыз. Бұл тұрғыда бүгінгідей шаралардың берер пайдасы көп. Тәжірибе алмасу педагог біліктілігін жетілдіреді, – деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар облыстық білім басқармасы оқу орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің меңгерушісі Нұрхан Боранбекұлы педагогтардың тәжірибе жетілдіруі оқу орындарының білім деңгейін арттыратынын атап өтті.

«Инклюзивті білім беру: тиімді оқыту, тәжірибе, мәселелер, шешімі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік конференция әр секция бойынша қорытындыланды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<