Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз білім сапасының жүйелі бақылауы болып табылады. Мониторинг электронды форматта орта білім беру ұйымдарының базасында 4 және 9 сыныптарда оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын кешенді тестілеу форматында жүзеге асырылады.
ББЖМ орта білім беру ұйымдары оқушыларының білім сапасын МЖМББС сәйкестігін бағалауға, білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, білім беру процесінің барлық қатысушыларына әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.
30 қазаннан бастап «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары педагогтерінің білім алушыларды ББЖМ-не қатысуға дайындау аспектісінде кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған оқыту семинарлары басталды.
Семинар барысында педагогтерге 2022-2023 оқу жылындағы білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) қорытындысы бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіліп, әр мектептің үздік пән мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісуде.
Сонымен қатар, ББЖМ сүйемелдеу құралдарын талдау шеңберінде білім алушыларға, педагогтер мен мектеп басшыларына арналған сауалнаманың тақырыптық блоктары қаралды, әр санаттың жауаптары, білім алушылар мен педагогтердің уәждемесін арттыруға ықпал ететін факторлар, ата-аналармен өзара іс-қимыл тәсілдері талқыланды.
Филиал тренерлерінің бірінші тобы Қызылорда қаласы мен Жалағаш, Сырдария, Қармақшы аудандары; екінші тобы Байқоңыр қаласы, Қазалы, Арал аудандары, үшінші тобы Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы мектеп мұғалімдерімен жұмыс жасап жатыр.
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-мен жүргізілген білім алушылардың білім жетістіктері мониторингіне қатысқан Сыр өңіріндегі орта білім беру ұйымдарының оқушыларды ББЖМ-ға дайындау бойынша мақсатты және жүйелі жұмыстары алдағы уақытта нәтижесін береді деген сенімдеміз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<