Білім беру жүйесін дамыту басты назарда

678

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Байқоңыр қаласында 12 мектеп бар. Оның 5 мектебі қазақстандық білім беру стандарты бойынша жұмыс істейді. Жалпы, оқушылардың саны 8933 құрайды. Қаладағы білім сапасы жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай тарқатты.

-Облыс әкімімен және салалық министрлермен «Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының 2023-2026 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша жол картасы» бекітілді. Жол картасымен жалпы 29 іс-шара бекітілген. Қазіргі таңда, жол картасын іске асыру мақсатында салалақы басқармалармен шаралар қабылдануда.

Сондай-ақ, қалада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын арттыру мақсатында жалдан шығарылған 2 нысан негізінде жыл соңына дейін балабақша ашу жұмыстары аяқталатын болады.

Сонымен қатар, «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей. Үкіметаралық комиссияның 8-ші және 9-шы отырыстары шеңберінде Байқоңыр қаласында орналасқан РФ орта мектептерінде «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқудан тыс белгіленген тәртіппен ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру туралы бірлескен шешім қабылданды.

Қазіргі таңда, Байқоңыр қаласы әкімшілігіне қарасты М.К. Янгель атындағы №7 орта мектебінде аталған пәндер факультатив ретінде оқытылуда. Басқа мектептерге аталған пәндерді оқыту бойынша облыстық білім басқармасымен жұмыстар жүргізілуде, – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<