Білім гранты: басымдық техникалық мамандықтарға  бағытталды

723

0

Кеше, яғни  15 мамырда жоғары білімнің барлық деңгейі үшін 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарының тізімі жарияланды. 2024 жылы жоғары оқу орындарында оқуға 112 мың грант бөлінді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең көп грантты «Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы» білім беру бағдарламалары тобы алған, олардың саны – 19 344. Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны – 19 344. Ал «Педагогикалық ғылымдарға»  13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына  10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына  8288 грант тиесілі.

Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» БББТ бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.

Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3903 грант бөлінген. Аталған жоба арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтсақ, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Айта кетсек, оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа ұлғайтылды.

Гранттар тізімінде 5000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар, оның ішінде гранттар Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған.

Жалпы, бакалавриатқа түсу үшін 2024-2025 оқу жылында 79 мыңға жуық грант бөлінді. Магистратураға түсуге 13 мыңға жуық, докторантураға түсуге 1900-ден астам грант бөлінген.

2024-2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімі Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған.

«Сб» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<