Білім грантын иеленбегендер грант иегері атануы үшін қайда хабарласа алады

5

0

Фото: ашық дереккөз

Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл грант иеленбеген талапкерлерге қосымша мүмкіндіктер туындағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік ақпарат алу үшін Call-орталығына хабарласуға болатынын мәлімдеді. Call-орталығының байланыс нөмірлері:

  • 8(7172) 69-50-69;
  • 8(7172) 69-52-92;
  • 8(7172) 69-50-71. 

«2024-2025 оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында арнайы Call-орталығы жұмыс істейді. Call-орталығы арқылы сіз қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала аласыз», – делінген хабарламада.

Call-орталығының жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00 аралығы. 

Айта кетейік, бұған дейін желіде түлектер ЖОО-ға түсу грантының басым көпшілігі су тасқынынан зардап шеккендерге берілгеніне қарсы шыққанын хабарлаған едік.

Еске салсақ, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек неліктен жоғары балл алған қазақстандық түлектердің грант ұта алмай қалғанын түсіндірген еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<