Білім мен біліктілік бірінші орында

531

0

Еліміздің дамуында, мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың тиімді жүзеге асуында мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігі аса маңызды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Сыр өңіріндегі 357 мемлекеттік органның 255-і – жергілікті атқарушы мемлекеттік орган, қалған 102-сі – орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері. Оның 53-і – облыстық, 158-і – қалалық және аудандық, 146-сы – ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдар.

Осы мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3338-ді құраса, қазір нақты 3233 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Оның 14-і саяси әкімшілік қызметшілері, 3219-ы –  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, 99,4%-ы қазақ ұлтының өкілдері. Әйелдердің үлесі 46,2%, оның 9,9%-ы түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарда қызмет атқаруда. 94,8%-ы жоғары білімді болса, 5,2%-ның орта кәсіби білімі бар, 0,8%-ы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, 0,1%-ы «Болашақ» халықаралық стипендиясының, 0,8%-ы шетелдік оқу орындарының түлектері болса, 23,6%-ның екі немесе одан көп білімі, 6 қызметшінің ғылым кандидаты дәрежесі бар.

Орташа еңбек өтілі 12,3 жылды, орташа жасы 41,5-ті құрайды. Оның ішінде, 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 24,7%, 18,5%-ы 35-тен 40-қа дейінгі, 32,6%-ы 40-тан 50 жасқа дейінгі, 24,2%-ы  50 жас және одан жоғары.

Меритократия қағидаттарына сәйкес мансаптық өсу жолымен жоғары лауазымдарға тағайындалғандардың үлесі 77,8%-ды құраса, конкурс өткізілместен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысу тәртібімен жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалғандардың үлесі 40,3%.

Былтыр өңірдегі барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда 515 бос лауазымға орналасуға конкурс өткізіліп, нәтижесімен 405 үміткер бос лауазымдарға қабылданды. 52,3%-ы – мемлекеттік қызметке алғаш қабылданушылар. Олардың 4,5%-ы мемлекеттік қызметке келгенге дейін квазимемлекеттік секторда, 6,7%-ы жеке секторда, 46,3%-ы бюджеттік ұйымдарда қызмет атқарған, 42,5%-ы жұмыссыз болған. Конкурстық рәсімдердің барлығы дерлік қоғамдық байқаушылардың қатысуымен өткен. Қоғамдық байқаушылардың 2,2%-ы жергілікті мәслихат депутаттары, 4,8%-ы – БАҚ өкілдері, 5,5%-ы – ҮЕҰ өкілдері, 0,8%-ы – саяси партия өкілдері, 19,3%-ы – мемлекеттік органдар қызметкерлері, 11,3%-ы – тағы басқалар. Ал 56,1%-ы – мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның, яғни ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері.

Өткен жылы 100 қызметші, оның 14%-ы коммерциялық секторға, 9%-ы квазимемлекеттік секторға, 2%-ы жеке секторға, және 75%-ы  басқа да белгілі себептермен өз өтініштеріне сәйкес мемлекеттік қызметтен кеткен. Сонымен қатар 4 мемлекеттік қызметші теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған.

Бақытжан Нұралы,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша

департаментінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<