Білім ордасына 25 жыл

1025

0

Қызылорда Ашық университетінің “Қызылорда технология және қызмет институты” құрылымдық бөлімшесі отандық экономика үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, әлемдік ғылыми білім кеңістігінде интеграцияланған білім беретін мекеме.

.ЖОО қызметінің негізгі бағыттарының бірі – Қазақстан Республикасының жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру болып табылады. Университеттің құрылымдық бөлімшесі Қызылорда технология және қызмет институты биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ширек ғасырлық тарих бедерінде алған асулары мен бағындырған белестері аз емес, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда материалдық-техникалық базасы нығайған оқу орны мүмкіндіктерін одан әрі дамыту мақсатында көптеген жұмыстар атқаруда. Бүгінде жоғары оқу орны бакалавриаттың 18 білім беру бағдарламасы бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің лицензиясына сейкес білім беру қызметін жүргізеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында “Бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастырудағы цифрлық технологиялардың рөлі туралы” тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізген Қызылорда Ашық университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық ғылым Академиясының академигі Қылышбай Бисенов баяндады.

Оқу орнының ғылыми инновациялық даму бағыты, шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық байланысы, болашаққа құрған жоспарлары жөнінде кеңінен сөз қозғаған Қылышбай Алдабергенұлы баспасөз конференциясы барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, Қызылорда технология және қызмет институтының 25 жылдық мерейтойы аясында өтетін ауқымды шараларға тоқталды, сонымен бірге, 19 мамырда институт базасында “Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастырудағы цифрлық технологиялардың рөлі” тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетінін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<