Білім саласы ардагерін мерейтойымен құттықтады

594

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

🔹Аудан әкімі Ардақ Ибраимов, аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев саналы ғұмырында білім саласында елеулі еңбек еткен Сәдуақасов Бекет Қасенұлын шаңырағына мерейлі 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап барды.

🔹Бекет Қасенұлы «ҚАЗССР-нің Еңбек сіңірген қызметкері» және «ҚАЗССР-нің Кәсіптік білім беру озаты» атағының иегері, «Жалағаш ауданының құрметті азаматы». Саналы ғұмырында кәсіптік білім беру саласында үздіксіз еңбек етіп, қазіргі Жалағаш индустриалды-аграрлы колледжінде шебер, аға шебер, оқытушы қызметтерін абыроймен атқарып, аталған саланың өркендеуі жолында өз қолтаңбасын қалдырды. 1990-1994 жылдары аралығында «Ақмаржан», «Еңбекші» шаруа қожалықтарын басқарды.

🔹Мерейтой иесіне «Бүгінгі білім саласындағы жарқын жетістіктерімізде Өзіңіздің тыным таппай, жан аямай атқарған жұмыстарыңыздың үлесі зор. Осы ретте, Сіздің ел болашағы, ұрпақ тәрбиесі үшін тер төккен игі істеріңізге алғыс айтып, ризашылығымды білдіремін» деген аудан басшысы құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<