Алдағы жаңа оқу жылында ешқандай пән жойылмайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
– Жаңа оқу жылында ешқандай пән жойылмайды. Дегенмен, қазір сарапшылар қауымымен кеңес жасалуда. Бұл ретте, барлық жаңалықты тамыз айында жариялаймыз. Биыл 17 тамызда дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сол кезде барлық жаңа өзгерістерді айтамыз, – деді Ғ.Бейсембаев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер сұрағына берген жауабында.





