Білім беру маусымы басталуға жақын. Қыстан қысылмай шығуға жауапты мамандар қам-қарекет жасауда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов айтып берді.
– Облыс бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Нақты кезеңде аймағымызда 1067 әлеуметтік нысан бар. Оның 532-сі – білім беру нысаны. Білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындығы 95 пайызды құрайды. Биыл 12 қазандықты жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 11 білім беру нысанының қазандығы сыртқа шығарылады, – деді ол.
Жалпы, 532 мемлекеттік білім беру ұйымының 77-сі жылумен қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған, автономды газ – 100, автономды сұйық отын – 199, автономды қатты отын – 124.
Биыл маусымды толық қамтуға білім саласына 3,8 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның 1,8 миллиард теңгесі қаңтар-сәуір айларында жұмсалды.
– Жылу маусымының екінші кезеңіне 11097 тонна қатты және 7676 тонна сұйық отын қажет. Қазіргі таңда қатты және сұйық отынды жеткізу бойынша облыстағы барлық білім беру мекемелерімен келісім-шарт жасалған. Қатты отын тамыз айынан бастап бекітілген кесте бойынша жеткізілуде. Ал сұйық отын білім беру нысандары резервуарларының көлеміне сәйкес бекітілген кесте бойынша жеткізілетін болады. Одан бөлек, жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуге 216,1 миллион теңге қосымша қаржы бөлінді, – деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бақыт Дүйсенов.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<