Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылында тұратын Атымтаевтар әулетінің келіндері бір мезетте референдум учаскесіне барып, дауыс берді.
Олар ел өміріндегі маңызды саяси науқанға бір отбасының мүшелері ретінде бірліктерін көрсетіп, белсенді түрде қатысуды жөн санаған. Бұл сәт ауыл тұрғындарына да ерекше әсер қалдырды. Бұл отбасының ынтымағы мен ауызбіршілігін көрсетіп қана қоймай, өзгелерге де үлгі болды. Учаске комиссиясының мүшелері де әулет келіндерінің белсенділігін атап өтіп, оларға алғыстарын білдірді. Жалпы, Түгіскен ауылында тұрғындар референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.





