Бір-біріміздің сырқаттанып қалғанымызды сеземіз – қызылордалық егіздер

934

0

Әлем жұртшылығы жылма-жыл 29 мамырда егіздер күнін атап өтеді. Отбасында бірден екі нәрестенің дүниеге келуі ерекше оқиға ретінде бағаланады. Ел арасында олар жайында айтылатын қызықты әңгімелер де аз емес. Кейінгі жылдарда әлемде егіздердің дүниеге келуі арта түскен көрінеді. Бұл жылма-жыл атап өтетін егіздер күнінде жиі айтылып жатады. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі Қызылорда облысы Арал ауданында полиция бөлімінде қызмет атқаратын Байқазақ Сағиев пен Әліби Аралбаев әңгімеге тартқан еді.

– Көпшілік арасында егіздер жайында түрлі қызықты деректер айтылып жатады. Мәселен, олардың бірі сырқаттанып қалса, екіншісі оны сезеді дегенге саяды. Сендерде осындай жағдай бола ма?

Әліби:

– Әрине, бұл жөнінде айтылатын деректер рас та шығар. Өйткені, біз бір-біріміздің сырқаттанып қалғанымызды сеземіз. Біріміз ауырып қалсақ, екіншіміздің көңіл-күйіміз түсіп жүреді.

Жаһандық желі беттерінде егіздер жайында көптеген деректер жазылып жатады. Еліміз бұл жөнінен алғашқы елу елдің қатарына кіреді екен. Алғаоқы орында Нигерия мемлекеті тұратынын сол мәліметтен біліп өстік.- Сұхбат алардан бұрын бірқатар дерек көздеріне шолу жасаған едім. Мына деректер назар аудартты. Жасына қарай егіздер 35-39 жастағы аналардан көп дүнеиег келетін көрінеді. Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде 48 орында тқр. Көш басындағы Нигерияда әрбір 22 адамға бір егізден келеді екен. Жер шарының төрттен бір бөлігін құрайтын Қытай соңғы орынға жайғасыпты.Әліби:- Отбасымызда бізден басқа егіздер жоқ. Өзімізде бүгінде шаңырақ көтердік. Бала тәрбиелеп отырмыз. Әзірге егіздер дүниеге келе қойған жоқ. Алла қаласа, егіздер дүниеге келетін шығар деген ойдамыз.- Екеуің де полиция қызметіне келуге қызығушылық білдірген екенсіңдер. Оған не себеп?

Байқазақ:- Иә, екеуіміз аудандық полиция бөлімінде қызмет атқарамыз. Қашанда қоғамдық тәртіпті сақтауда полицейлердің еңбегі орасан. Бала кезімізден аталған мамандыққа қызығушылық таныттық. Қазір өзім аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы болып еңбек етіп жүрмін. Ал сыңарым Әліби бөлімнің учаскелік полиция инспекторы лауазымында.Әліби:- Екеуміз де форма киген полиция қызметкерлеріне қызығатын едік. Сол мақсатымызға жеттік. Біз бұл саланы таңдағанымызға ешқашан өкінген емеспіз.Екеуміз бір уақытта шаңырақ көтеріп, ата-анамызды қуанттық. Әкеміз Аралбай Сағиев және анамыз Қазына Абдуллаева медицина саласында дәрігер қызметін атқарды. Қазір зейнет демалысында. Жоғары білім алуымызға көмегін жасады. Ата-анамызға деген алғысымыз шексіз.- Қызметтен қол бос уақытта қандай қызығушылықтарың бар?

Әліби:- Қолым қалт еткенде шығармашылықпен айналысамын. Қлең жазумен әуестенемін. Жүрекжарды жыр шумақтарымды достарым жоғары бағалап жатады. Қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысамын. Ал Байқазақ бос уақытында түрлі музыкалық аспаптарда ойнағанды жақсы көреді.- Қызмет барысында қандай марапаттарға ие болдыңдар?Байқазақ:- Өткен жылы ҚР Ішкі істер министрлігінде кәсіби қасиеттерін, дене даярлығын, сондай-ақ халықтың пікірін тексеру жөніндегі комиссиямен таңдалған бірқатар үздік учаскелік полиция инспекторларының слеті өткізілді. Барлық қатысушылар грамоталар мен «Үздік учаскелік инспекторы» төсбелгісімен марапатталды. Мен слетке қатысушылар қатарында болдым. Азаматтарға көмектесу – менің өмірлік ұстанымы мен басты борышым. Аудандағы қоғамдық тәртіпті сақтау мен қамтамасыз етуге қызмет етіп жүрміз. Биыл 30 жасқа келдік. Біріміздің полиция қызметінде жұмыс атқарып жүргенімізге 6 жыл толса, екіншімізге 9 жылға аяқ басты.

Біз жоғары көрсеткіштерге ие болғанымыз үшін бірнеше рет Қызылорда облыстық полиция департаментінің, аудандық полиция бөлімі бастығының, аудан әкімінің грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталдық.- Әңгімелеріңе рақмет.Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада өткен ІТ бағытындағы «Innofest-2022» конкурсының жеңімпазы София Темірболат тұңғыш рет комикс форматында кітап шығарды.Ол конкурстан ұтып алған 500 мың теңгеге өз идеясын іске асырып, виртуалды ортамен қауіпсіз байланыс дағдысын дамытатын «Cyber City хикаялары» кітабын жазып шықты. Жаңа кітап оқушыларға цифрлық қауіпсіздікті түсіндіреді. Оны қызықты қысқа комикс əңгімелер арқылы жеткізеді. Олардың технологиялық жəне дүниетанымдық салалар бойынша білімін қалыптастырады.- Комикс кітабында балалардың интернеттегі қауіпсіздік ережесі жөнінде жан-жақты қамтылған. Олардың жаңа терминдерден хабардар болуына, ақпараттық мəдениетті жетілдіруге көмектеседі.

Кітаптың тұсаукесерінде Қорқыт ата университетінің экономика және құқық институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев мұндай дүниелердің гаджеттерге әуес альфа ұрпақ балаларға интернеттегі киберқауіпсіздік пен ақпараттық гигиенаны сақтауға мүмкіндік беретінін айтып өтті. Жаңа кітаптың тұсаукесерінде мен ерекше қажеттілігі бар балаларға кітапты сыйға тарттым, – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<