Бірер ай демалып, жаттығуды қайта бастаймын – Нұрбек Оралбай

897

0

Фото: Қазақпарат

Париж Олимпиадасының бокстан күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Қазақстанға оралды, сонымен қатар боксшы алдағы жоспарымен бөлісті. 

«Екінші орын алдым, бұл бізді сындырмайды, керісінше жігерлендіреді. Мықты қылады. Бірер ай демалып, ем алып, жаттығуды қайта бастаймын. Алдағы әлем чемпионаты мен Азия чемпионатына дайындаламыз. Париж бірінші олимпиада болған соң, оңайға соқпады, ол жаққа ешкім ұтылу үшін бармайды, барын салады. Алтын келесі олимпиадада бұйырады деп ойлаймын», – деді Париж Олимпиадасының күміс жүлде иегері Нұрбек Оралбай. 

Бүгін таңертең астаналықтар Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алды. Елорда әуежайына боксшының жақындары, жанкүйерлер және БАҚ өкілдері жиналды. https://www.youtube.com/embed/tiScuBOclJQ

Еске сала кетейік, бокстан ерлер арасында 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасып, жеңіліп қалды. 

Сондай-ақ, отандық боксшы келесі Олимпиадада алтын алуға уәде берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<