«Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» қызметкерлері, табиғат пайдаланушылармен бірлесіп «Birge taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында жергілікті «Қаракөл» көліне тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акцияның мақсаты – су айдындарында қалдырылған және заңсыз орнатылған ауларды сүзу және жағалауды қоқыстан тазарту болып табылады.
Шара аясында көл айналасынан 200 килограммға жуық қоқыс қалдығынан тазартылып, арнайы күл-қоқыс төгілетін аумаққа тасталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<