Бірлескен іс-шаралар талқыланды

675

0

Кеше  Ташкент қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешев Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен кездесу өткізді. Кездесуде Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су жағдайын жақсарту бойынша бірлескен іс-шаралар талқыланды.

Нәтижесінде «Шардара» қоймасына құйылатын суды арттыру және мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы суды тұрақты беру бойынша бірлескен шаралар қабылдау туралы келісімдерге қол жеткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Өзбекстан Республикасының Үкіметтері арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімге қол қою мәселелері талқыланды. Тараптар жобаны келісу бойынша рәсімдерді жеделдетуге ниет білдірді. Екі елдің Премьер-министрлері деңгейінде су қатынастары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссия құру мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, тараптар Орталық Азия су-энергетикалық консорциумын құру және ГЭС құрылысына қатысу мәселелері бойынша консультациялар жүргізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<