Бірлескен отырыста құрылыс нысандарының жай-күйі талқыланды

490

0

«AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Онда «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында елді мекендердегі салынып жатқан дәрігерлік амбулатория, аспалы көпір және т.б құрылыс нысандарының орындалу мәселелері талқыланды.

Бүгінгі күні партия бағдарламасы аясында өңірімізде әлеуметтік құрылыс нысандары қарқынды жүріп жатыр. Олардың қатарында ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған дәрігерлік амбулаториялар құрылыстары. Бүгінгі күні «AMANAT» партиясы Жол картаға енген 15 дәрігерлік амбулатория құрылысына партиялық бақылау бекеттері орнатылған. Алайда партиялық бақылау комиссиясы жанынан құрылған мониторинг топтардың осы құрылыс нысандарындағы жұмыстарға жүргізген зерделуінің нәтижесі көңіл көншітпейді,- деді облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Жорабек Нұрымбетов.

Бұл нысандардың құрылысы жыл соңында аяқталуы тиіс. Алайда уақыт таяп қалды.Күн суып, жауын- шашын басталған кезде салынған құрылыс жұмыстарының сапасы қалай болады? Жиында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тапсырыс беруші Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы орынбасарының хабарламасы тыңдалып, жауапты мердігер мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Бірлескен отырысқа арнайы қатысқан партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов құрылыс сапасы мен уақытылы аяқталуын партия қатаң бақылауға алып отырғанын айтты.

Атап өтейік бірілескен отырысқа «ZOOM» платформасы арқылы аудандық Партиялық бақылау комиссиясы төрағалары, облыстық және аудандық Партиялық бақылау комиссия жанынан құрылған мониторинг тобының мүшелері қатысып, аудандағы құрылыс ахуалына қатысты мердігер мекеме басшыларына ұсыныстарын жіткізді.

Бірлескен отырыста құрылыс нысандарының жай-күйі талқыланды
Бірлескен отырыста құрылыс нысандарының жай-күйі талқыланды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<