«Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков облыстағы 11 этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті.
Кездесу барысында қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған бірнеше жобаларды жүзеге асыру және тағы басқа бірқатар мәселелерді талқыға салды.
Мекеме директоры қазақ елінің бүгінгі жеткен жетістігі – қоғамдағы мызғымас тұрақтылықтың нәтижесі екенін, сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміз тек берекеге бастау болар сан мың жолдан өткендігін атап өтті. Бүгінге дейін бағындырған белестер баянды болуы үшін бірлескен жұмыстарды қолға алып, жүзеге асыратындығын жеткізді.
Өз кезегінде этномәдени бірлестіктің жетекшілері қазақ халқының ынтымақшылдығы негізінде бірлік пен келісімді нығайтуға дайын және әрбір бастаманы қолдауға әзір екендерін алға тартты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<