Бірлік пен келісімді сақтау парызымыз

765

0

Бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылғандай «Бірлігіміз әр алуандықта. Бұл қағидамыз ешқашан өзгермейді. Пікір алуандығын қолдай отырып, біз радикализмнің кез келген түріне жол бермейміз. Қоғамдағы бірлік пен келісімді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет», – деді.

Менің ата-әжем де тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударғандар. Қиын қыстау заманда қазақ халқы оларға және басына ауыртпалық түскен көптеген ұлт өкілдеріне пана бола білді. Онсыз да күнін әрең көріп отырған қазақ отбасылары оларды үйіне кіргізіп, қамқорлық танытты, бір үзім нанмен бөлісті. Ата-әжем сын сағатта қамқор болған, кеңпейілдік танытқан, аялы алақанына салған қазақ халқына үнемі алғыстарын айтып өтті.

«Өткенін ұмытқанның болашағы бұлыңғыр», – дейді қазақтар. Сол қиын күндерді ұмытпайық, бүгінгі күнге шүкіршілік айтайық. Құтты мекен Қазақстанымызды көздің қарашығындай сақтайық, баянды етейік!

Арифова Ханум Закарияқызы,

Қызылорда облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» ЖҚ белсендісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<