Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

432

0

Фото: ашық дереккөз

Еліміздің 9 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. 

18 наурызда күндіз батыста, Ақтөбе облысының орталығында көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 9-14, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні – 15-20 м/с. Атырауда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аймағында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында тұман болуы ықтимал. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды ​​облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

18 наурызда күндіз Қостанай облысының батысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жел соғады.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<