Ертең елімізде бірнеше өңірде ауа райы бұзылып, қатты жел соғады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<