Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер аккумулятор ұрлады деген күдікпен екі облыс тұрғынын қолға түсірді.
Биыл наурыз-тамыз айлары аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының бірнеше тұрғындары көлік аккумуляторларының ұрланғандығы жөнінде арыз берген. Тұрғындардың айтуынша, түнгі уақытта қаскүнемдер жеке үйлердің аулаларына кіріп, автокөліктерден аккумулятор ұрлаған.
Мәселен, 12 тамызға қараған түні белгісіз біреу Белкөл кенті тұрғынының үй ауласында тұрған шетелдік автокөлік салонында жатқан әмиянын және аккумуляторын ұрлап кеткен. Қазіргі таңда жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығыны есептелуде.
Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмыстарға қатысы бар екі күдікті ұсталды.
30 және 23 жастағы жұмыссыз облыс тұрғындары уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Айғақ заттар тәркіленді.
Полиция қызметкерлері күдіктілердің осындай бес ұрлық қылмысына қатысы бар екенін анықтап отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен 3-тармағы (Ұрлық, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<