Бірқатар елдімекендер көгілдір отынмен қамтылмақ

573

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шиелі ауданында 2023 жылы 6 елді мекенді газдандыру жұмыстарына республикалық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген болатын. Соның нәтижесінде, Еңбекші және Жиделіарық ауылдары көгілдір отынға қосылды. Ал, осы жылы Ә.Тәжібаев, Алмалы, Досбол Датқа, Бестам ауылдары табиғи газға қосылатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов айтты.

Биыл аудан тұрғындары үшін жемісті жобалар жүзеге аспақ. Нақтырақ айтқанда, Тартоғай елді мекенінің тұсында орналасқан “Мұстафа Шоқай” автоматты газ реттегіш станциясының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Ортақшыл елді мекеніне газ құбыры тартылып, орамішілік газ тарту желілерін салу жұмыстары басталатын болады. Сонымен бірге, 21-бекет, Жансейіт елді мекендерін табиғи газға қосу бағытында тиісті құжаттар дайындалуда. Газ жүргізілген елді мекендердегі 9 мектеп пен 6 балабақшаның бу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру жұмыстары демеушілікпен есеппен жүргізіледі. Аталған нысандардың қазандықтары табиғи газға ауыстырылған жағдайда бюджеттен жылына 54 млн теңгеге дейін үнемделеді деп күтілуде, – деді Нұржан Сәбитұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<