Бірқатар мәселелер талқыланды

488

0

Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі бірқатар білім ордаларында аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицей, №226 мектеп-гимназия мен №70, №216, №234 орта мектептерде өткен басқосуға аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы мүшелері, мектеп директорлары мен мұғалімдер, ата-аналар және жоғары сынып оқушылары қатысты.

Көшпелі комиссия отырысын жүргізіп отырған Дәурен Тілеумбетов бүгінгі таңда мектеп оқушылары және жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, оларға қатысты кибербуллинг әрекеттері өте өзекті болып отырғанын тілге тиек етті. Комиссияның күн тәртібіндегі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларда тұрмыстық зорлық-зомбылық, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстарының құрбаны болуы деректерінің қаралуы, көрсетілген көмектер туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғанибек Құрманалиев, кәмелетке толмағандардың ерте жүктілігі, оның ішінде он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағанның жүктілігі жөнінде «Болат жолы» емханасының акушер-гинеколог дәрігері Арайлым Жәдігер хабарлама жасап, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Басқосу барысында комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселеге байланысты сөз қозғап, ой-пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ, ата-аналар да өздерінің балалар тәрбиесіне қатысты ұсыныстарын айтты.

Бірқатар мәселелер талқыланды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<