Бірқатар мәселелерді саралады

710

0

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қаладағы бірқатар саяжайлардың тұрғындарымен кездесудегі көтерілген мәселелерді саралады.

Облыс әкімі қала аумағындағы саяжайлардың тұрғындарымен кездесіп, нақты мәселелер мен ұсыныстарын тыңдап, соған сәйкес жұмыстардың атқарылуын және тиісті шараларды қабылдауды тапсырған болатын.
Осыған байланысты, осы жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығында қала әкімі, құқық қорғау органдары және жауапты сала басшыларының қатысуымен ПМК-29, 66, Еңбек, Эдельвейс, Ягодка, Пищевик және Сабалақ саяжайларының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Тұрғындардың көтерген мәселелері жарықшам бағаналарын, аялдамалар, орнату, орташа жол жөндеу жұмыстары, қосалқы электр станциялары және электр желілерін жүргізу, құқық бұзушылық фактілерін алдын алу, қоғамдық көліктің қатынауы, сондай-ақ аталған саяжайларды қаланың бас жоспарына еңгізу турасында болды.
Жиында жауаптылар атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілуін тапсырды.

“Барлық мәселе кезең-кезеңімен шешімін табатындығы анық. Ең алдымен аталған мәселелердің ішіндегі өзекті деген және де қаражат мәселесін қажет етпейтін жұмыстарды жыл соңына дейін бітіруіміз қажет. Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды. Ендігі тапсырылған жұмысты алдағы уақытта тиісті мерзімінде орындауларыңызды сұраймын” – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<