Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады.
Президентке жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Көшпенділер ойындарына қызу дайындық жүруде
Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде кеңес өткізді.
Жиында Ұлттық құраманың, спорт кешендерінің, қонақ үйлер мен мәдениет орындарының дайындық барысы, сондай-ақ қоғамдық көлік, қауіпсіздік және тазалық мәселелері пысықталды.
Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындары ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілетін әлемдегі ең ірі жарыс екенін атап өтіп, оны жоғары деңгейде ұйымдастыру, халқымыздың терең тарихы мен мәдениетін, қонақжайлылығын көрсету, меймандар мен спортшыларға қажетті жағдай жасау маңызды екеніне назар аударды.
Кеңесте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.
АЭС-ке қатысты ақпаратқа қаныға аласыз
Атом энергетикасы және атом электр станциясының (АЭС) құрылысы мәселелерін тереңірек түсінгісі келетін азаматтар үшін порталда Gov.kz eGov mobile мобильді қосымшасында жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін жаңа бөлім құрылды.
2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, ол еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдаудағы шешуші кезең болады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Gov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында арнайы ақпараттық бөлімдер әзірлеп, енгізді. Мұнда пайдаланушылар атом энергетикасы, атом электр станцияларының құрылысы мен жұмысы, олардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға және денсаулыққа әсері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба алады.
Бұл шаралар әрбір қазақстандықтың атом энергетикасына қатысты барлық аспектілерге объективті баға беріп, референдумға толық және сенімді ақпаратпен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.
https://www.gov.kz/situations/723/intro?lang=kk сілтеме арқылы өтіп бөліммен таныса аласыздар.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<