Бірқатар нысандарды аралады

187

0

Фото: Арал ауданының әкімдігі

Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев Сексеуіл кентіне барып, кеше кешкілік жауын-шашын аралас қатты дауыл салдарынан зақым келген әлеуметтік нысандарды аралап, ғимараттардың қазіргі жай-күйімен танысты.

Еске сала кетейік, осы жылдың 10 тамызы күні сағат 18:20 шамасында Сексеуіл кентінде қатты желдің салдарынан бірнеше әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатырлары және қабырғалары әр жерден ұшып, электр бағаналары құлағаны белгілі болды.

Аудан әкімі ең алдымен құрылысы жүріп жатқан «Жайлы мектеп» ғимаратына барып, жағдайды көзбен көрді. Белгілі болғандай, құрылыс алаңының бір жақ қоршауы түгелдей дерлік күшті дауыл салдарынан құлап, электр желілеріне зақым келген. Сондай-ақ сылағы кеппеген кейібір қабырғалар құлап, құрылыс жұмыстарына кедергі келтіруде.

Кентішілік электр желілері бойынша да мәселе бар. Айта кетсек, қатты дауыл салдарынан 20 дан астам электр бағаналары құлап, желілерде айтарлықтай ақау пайда болған. Салдарынан кенттің жарты бөлігі жарықсыз отыр. Қазіргі таңда оқиға орнында 36 қызметкер мен техникалар жұмылдырылған. Көршілес Қазалы ауданынан тағы да арнайы бригада келеді деп күтілуде. Жауаптылар кешке дейін электр желілерін қайта қалпына келтіруге күш салатындықтарын айтты. Аудан әкімі мәселеге қанығып, ең алдымен халықтың игілігіне жарап тұрған маңызды желіні тез арада қалпына келтіруді жүктеді. Мұнан соң жанындағы ауылдық Мәдениет үйіне барды. Бұл ғимартқа да дауылдан айтарлықтай зақым келген. Нысанның төбе жабындысы ұшып, терезелері шағылған. Қазіргі таңда ғимаратқа келген нықты шығын көлемі есептеліп жатыр.Кенттегі емхана ғимаратының бір қапталындағы қабырға жабындысы сыпырылып түскен. Мұнда жағдай тұрақты. Ешбір қызметкерге зақым келмеген. Салалық басшылық тарпынан жағдай тұрақты бақылауда.Аудан әкімі артынша кент орталығындағы көрікті нысанның бірі «Дене-шынықтыру сауықтыру кешені» ғимаратына барып, онда орын алған төтенше жағдайдың салдарымен танысты. Нысанның шет жақ мүйішіндегі қабырға жабындысы құлап, жылу қазандығы орналасқан ғимараттың төбе жабындысы түгелдей аударылып түскен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Аудан әкімі жауаптыларға уақыт өткізбей, қысқа мерзім ішінде салалық басшылықпен байланыс орнатып, жағдайды қайта қалпына келтіруді жүктеді.

Қатты дауыл №177 орта мектеп ғимаратына да зақым келтірген. Білім ордасы 1987 жылы пайдалануға берілген болса, шатыры 2010 жылы шифермен жаңартылған. Дауыл бүгінде 90 ға жуық шатырды жарамсыз еткен. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі есептеліп, қайта қалпына келтіру жұмыстары басталғалы жатыр. Аудан басшысы мектеп директорына жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, нысанды жөндеу жұмыстарын кешіктірмей қолға алуды тапсырды.

Сондай-ақ кентте бұдан өзге №87 орта мектеп ғимараты, «Жауқазын» бала бақшасына және бірнеше кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлерге ішінара зақым келген.

Бірқатар нысандарды аралады

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<