Бірқатар өңірде аптап ыстық болады

533

0

«Қазгидромет» 20 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Атмосфералық фронт әсерінен ауа райы күрт құбылып, найзағай жарқылдап, жаңбыр, бұршақ жауады.

Орталық пен оңтүстік-шығыс жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады. Жел екпіні күшейеді.

Күндіз Атырау, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, батысында, орталығында өрт қаупі бар.

Синоптиктер Қарағанды облысында, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<