Бірқатар ұсыныстар айтылды

625

0

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Жосалы кенті тұрғындарымен кездесті.

Аудандық жыраулар үйінде өткен халықпен басқосуда алдымен Жосалы кенті әкімі Шыңғыс Әбділәмитұлының атқарған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды.
Одан соң, аудан басшысы Жандос Еркінбек атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жосалы кентіндегі 15 көшеге асфальт төселеді. 2022 жылы басталған Амангелді көшесіне орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстары аяқталады.
Жосалы кенті, «Тәуелсіздік» ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін жеткізу жұмыстары басталады.

Жосалы кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің, «Шипагер» емханасының, №21 «Тоғжан» бөбекжай балабақшасының бу қазандықтары табиғи газге ауыстырылады.

Жосалы кенті әкімі аппараты мен кент ішіндегі кітапхана ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, аудандағы басты әлеуметтік нысандардың бірі – аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Биылғы аудандық орталық ауруханаға компьютерлік томография аппараты сатып алынып берілді.

«Жосалы кентінде темір жол арқылы тірек қабырғалары бар жол өтпесінің құрылысы жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу» жобасына техникалық-экономикалық негіздеме құжатын әзірлеу үшін тиісті қаржысы қаралды.

Одан бөлек, Жосалы кенті бойынша 19 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, көше жарықтарын күтіп ұстау үшін қажетті қаржы аудандық бюджеттен бөлінді.
Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі жасыл желек, саябақ, демалыс парктері аумақтарын техникалық сумен қамтамасыз ету мақсатында 4 жерге техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары жүргізілетін болады. Жосалы кентіндегі саябақтарды ағымдағы жөндеу және Жастар саябағына тал егу жұмыстары жүргізіледі.

Кездесу барысында кент тұрғындары тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды.

Аудан әкімі өз кезегінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың барлығына заңдылықтар аясында нақты жауаптар берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<