Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шықты

538

0

Фото: ашық дереккөз

Әйелін өлтірген бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Ал Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Айта кетерлігі, Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарды.

Бұрынғы экономика министріне қатысты іс 2 бап бойынша қарастырылған болатын:
▫️ аса қатыгездікпен кісі өлтіру
▫️ қинау

Айта кетейік, бұған дейін жәбірленуші Салтанат Нүкенованың әкесі мен адвокаты Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айырады деп болжаған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<