Бишімбаевтың соты Баян Мақсатқызының жаңа фильміне арқау болды

213

0

Фото: ашық дереккөз

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірген экс экономика министрінің соты негізінде жаңа фильм түсірмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, продюсер отбасылық зорлық-зомбылықты әшкерелейтін “Бақыт” фильмін түсірген еді. 

“Фильмнің аты – “Жалғыздық” деп аталады. Бірақ атын өзгертетін шығармыз. Түсірілімдегі атауын осылай деп қойдық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы «Бақыт» фильмін түсіргенімді білесіздер. Содан Асқар Ұзабаев екеуміз осындай трилогия, яғни осы тақырыпта үш фильм түсіреміз деп шештік. Оған қайта оралу қаншалықты қиын екенін білеміз. Бірақ әйелін ұрып өлтірген экс-министр Бишімбаевтың әрекеті, оған қатысты сот процесі қоғамды дүр сілкіндірді. Бұл тақырып әлі күнге дейін елімізде өзекті екенін көрсетті. Бір дүние шығармас бұрын, 10 рет ойлану керек. Ал бұл фильм тәрбиелік мәні зор әлеуметтік жоба болуы мүмкін. Көрермен жинайтын жақсы туынды болмақ. Біздің көрермен түрлі фильмдерді көруге дағдылануы керек», – дейді жоба авторы.

Айта кетейік, әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<