Биыл 1 млн қазақстандықтың жалақысы 12%-ға өсті

658

0

Сурет ашық дереккөзден

Жыл басынан бері 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысы орта есеппен 12%-ға көтерді. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде өткен жылы 2,5 мың жұмыс беруші 5-тен 50%-ға дейінгі бөліністе 2 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын көтерді. Ағымдағы жылдың басынан бері 1,7 мың жұмыс беруші 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын орта есеппен 12%-ға көтерді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», – деп тоқталды Төлеген Оспанқұлов.

Сонымен бірге, брифингі барысында комитет төрағасы еліміздегі 73 кәсіпорынның жұмыскерлерге төлемеген 1,4 млрд теңге жалақы берешегі бар екенін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<