Фото: ашық дереккөз
Биыл Мүгедектігі бар адамдарды қоғамға жедел интеграциялау үшін 12 оңалту орталығын салу жоспарланған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл Семей және Кентау қалаларында оңалту орталықтары пайдалануға беріледі, олар 1 шілдеден бастап алғашқы қызмет алушыларды қабылдайды.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталының жаңа форматы іске асырылады. Порталда тауарлар мен қызметтердің параметрлері туралы толық ақпарат ұсынылады, жеткізушілерге және олардың тауарларының сапасына жаңа және қатаң талаптар қойылады. Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдарға портал арқылы өнім берушілердің іс-әрекеттеріне шағымдарды жіберу мүмкіндігі беріледі», – деді ол.
Сондай-ақ ол нормативтік құқықтық базаны өзектендіру бойынша шаралар қабылданып жатқанын еске салды.
– Өткен жылдың қараша айында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттырудың ұлттық жоспарына өзгерістер енгізілді, ал заңнамалық бекітуді талап ететін өзгерістердің бір бөлігі Әлеуметтік кодекс жобасына енгізілді. ҚР Парламенті Мәжілісінде Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау бойынша жұмыс басталды, – деді Тамара Дүйсенова.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<