Өңірдегі қорда коронавирус инфекциясына қарсы дәрілік заттар жеткілікті. Мәселен, жыл басынан бері 155,3 млн. теңгені құрайтын 6 миллионға жуық дәрілік зат алынған. Оның ішінде, ыстықты түсіретін дәрі, антибиотик, вирусқа қарсы, иммуностимулятор, медициналық бұйымдар, инъекциялық және гормондық препараттар бар. Жуырда қосымша 124 млн. теңгені құрайтын дәрілік зат әкелінетін болады.
– Қазіргі таңда антибиотиктердің 382 755, вирусқа қарсы препараттардың 15 221, антикоагулянттардың 1 317, ыстықты түсіретін препараттардың 166 687 қорабы бар. Биыл 6512 дәрілік зат атауына шекті баға бекітілді. Сонымен қатар, вирусқа қарсы 134 дәріге нарықтан төмен шекті баға енгізілді. Дәрі-дәрмектерге мониторинг тұрақты жүргізілуде, – деді облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<