Осы жылдың соңына дейін 755 ауыл әкімі сайланады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өздеріңіз білетіндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауға көшу туралы тапсыра берген болатын. Осы жылдың 24 мамырында ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау мәселелері жөніндегі заңға қол қойылды. Бұл бастама жергілікті өзін өзібасқару институттарын жаппай енгізу тәжірибесі арқылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға қатысты негізгі саяси реформалар топтамасын біртіндеп жүзеге асыруға бағытталған», деді ол ОСК отырысы барысында.
ауы
Константин Петровтың дерегінше, елімізде 2 346 ауыл әкімі бар. Олар жаңа норма енгізілгеннен кейін өкілеттік мерзімдері аяқталған соң тікелей дауыс беру арқылы сайланатын болады.
«Осы жылдың соңына дейін аталған санатқа кіретін шамамен 775 әкімді сайлау жоспарланып отыр. Осылайша, азаматтардың тікелей сайлау арқылы мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту принципі біртіндеп жүзеге асырылады. Тікелей сайлау арқылы ауылдық аумақтарды басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру процесіне шамамен азаматтардың 40 пайызы тартылады», деді төраға орынбасары.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<