Биыл аймақта 187 мың гектарға егін егіледі

517

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасын дамытушы маңызды салалардың бірі. Соның ішінде Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетіліп келеді. Осы мемлекеттік қолдаудың арқасында есепті кезеңде 220,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көрсеткіші 3,7 пайызға артса, ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі 19,7 пайызды құрады. Ал тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция 14,3 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар, былтырдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 406 жоба қолдау тапты. Осы жобалар арқылы 713 жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлады.

– Өткен жылы 193,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ал негізгі дақыл – күріштің көлемі 89,0 мың гектарды құрады. Жыл қорытындысы бойынша дәнді дақылдардан – 521,2 мың тонна, оның ішінде күріштен – 503,3 мың тонна, майлы дақылдардан – 4,8 мың тонна, малазықтық дақылдардан – 289,9 мың тонна, картоп, көкөніс, бақшадан – 493,0 мың тонна өнім алынды. Ал биыл 187,0 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленуде. Оның ішінде 938 тонна жаздық бидай, 736 тонна күздік бидай, 49 тонна арпа, 11 тонна тары, 65 тонна дәндік жүгері, 5 тонна күнбағыс, 105 тонна мақсары, 14 тонна соя, 21,8 тонна сүрлемдік жүгері және 298 тонна жоңышқа тұқымы құйылды. Ал негізгі дақыл күріш көлемі бойынша 21 304 тонна болып белгіленді. Күріш тұқымының 14725,5 тоннасы сапасын анықтау мақсатында зертханалық тексеруге өткізілді. Бұдан бөлек, аймақта мал шаруашылығын дамытуға жасалынған қолдаулардың нәтижесінде, төрт түлік мал басы өсіп, өнім өндіру тұрақты ұлғаюда. Атап айтқанда, облыс көлемінде 409,7 мың бас – МІҚ, 819,5 мың бас – қой мен ешкі, 213,4 мың бас – жылқы, 61,5 мың бас – түйе және 119,3 мың бас – құс өсірілуде,-деді Талғат Тұрсынұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<