Биыл ауыл шаруашылығы саласына 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды

425

0

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде аграрлық саланы қарқынды дамыту үшін мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп келеді. Тиісінше биыл осы саланы дамытуға 18,5 млрд.теңге қаржы қарастырылса, оның 14.0 млрд.теңгесі субсидиялауға бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникциялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев хабарлады.

– Жыл басынан бері мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артты. Сондай-ақ, саланың негізгі қорына 9,4 млрд.теңге инвестиция салынып, өсім көрсеткіші 36,6 пайызға ұлғайды. Ал тамақ өнімдерін өндірудің негізгі капиталы 3,1 есеге артты, – деді басқарма басшысы Талғат Тұрсынұлы.

Биыл аталмыш салада экспорт әлеуеті де артқан. Стастикалық мәліметтерге сүйенсек, осы жылдың 1 қазанына дейін 40,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі әлемнің 21 мемлекетіне экспортталған. Барлық экспортталған өнімнің 84,8 пайызы негізгі дақыл – күріш өніміне тиесілі. Жалпы есепті кезеңде 34 703,9 тонна Сыр салысы шет мемлекеттерге экспортталды.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<