Биыл экспортқа бағытталған 10 ірі жоба іске асады

367

0

2018 жылы экспортқа бағытталған инвестициялық құны 7,1 млрд. теңгенің 10 іргелі жобаларын іске асыру жоспарлануда.

Атап айтқанда:

1) Қазалы ауданында «Сыр маржаны» ЖШС-і Ирандық «Tavooni Faragir Inche Boroun Co» компаниясымен бірігіп іске асырылатын экспортқа бағытталған жылдық қуаттылығы 2 мың тонна ет өңдеу комбинатының құрылысын салу. Жобаның құны – 832,5 млн. теңге.

2) Қармақшы ауданында «Ақтөбе» ЖШС-і «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы» жобасын іске асыру бағытында жұмыс жасалуда. Жобаны жүзеге асыру үшін серіктестік пен «Байқоңыр» ӘКК арасында келісім жасалып, құс фабрикасының іргетасы 2017 жылдың тамызында қаланды. 

3) Қызылорда қаласында «КазАгроМир» ЖШС-і 2017 жылдың тамызында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы қаржыландырылып, көлемі 2,2 га автоматтандырылған кешенді жылыжай құрылысы салынатын болады.. Жоба құны – 1,1 млрд. теңге. Жылына 900 тонна томат өндірілетін болады.

Сонымен бірге, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қатысуымен мал шаруашылығында зәкірлі кооперацияны дамыту бағытында 3 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда: 

4) Сырдария ауданы «Шаған Агрофруд» ЖШС-і 900 бас МІҚ бордақылау және ауысымына 20 бас мал сою комбинатын салу жобасы. 

Бүгінгі таңда жоба бойынша 190 бас МІҚ мал сатып алынды, мал сою комбинатының құрылысы аяқталып, құрал-жабдықтарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

5) Жалағаш ауданында «АгроЛидер Таң» ЖШС-і асылдандыру репродукторын құру, 10 бас мал сою алаңымен, ет өңдеу цехын салу жобасы. 

Бүгінгі таңда мал сою пунктінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 144 бас  асыл тұқымды мал сатып алуға ӘКК 48,1 млн.теңге қаржы бөлінді.

6) Жаңақорған ауданында «Бекарыс Агрофруд» ЖШС-і 300 бас МІҚ малына арналған репродуктор шаруашылық ұйымдастыру, тәулігіне 10 бас мал сою алаңын салу жобасы. Қазіргі таңда 127 бас асыл тұқымды МІҚ сатып алынды және мал сою пунктінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

7) Шиелі ауданында «СырАгро и К» ЖШС-і жоба құны 2,5 млрд. теңгенің 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу жобасы. 

8) Шиелі ауданында 20 кәсіпкердің бірігуімен, жоба құны 84 млн. теңгені, жалпы көлемі 2 га құрайтын, қуаттылығы жылына 600 тонна көкөніс өнімдерін өндіретін 20 жылыжай құрылысын салу жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні жылыжайлардың құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

9) Шиелі ауданында «Аширбеков» ШҚ-ның қуаттылығы тәулігіне  45 тонна күріш ақтау зауытын салу жобасы. Бүгінгі күні шаруашылық тарпынан зауыт ғимаратының құрылысын аяқтап, құрал-жабдықтар сатып алуға тапсырыс берілді.

10) Арал қаласында «Аквакультура Ltd» ЖШС-нің жылына 4 мың тонна балық өңдеу зауытының құрылысы. 

Балық өңдеу зауытының 74 млн.теңгеге құрал жабдықтары сатып алынып, ғимараттың құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталып, инженерлік инфрақұрылым салу жұмыстары жүргізілуде. 

Сонымен қатар, Қызылорда қаласында «КазАгроМир» ЖШС көлемі 2,0 га автоматтандырылған жылыжай кешенін іске қосу бағытында жұмыс жасауда. Қазіргі таңда 425,1 млн. теңгеге Испаниядан құрал жабдықтар әкелініп, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба ағымдағы жылдың қараша айында іске қосылады деп жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<