Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінің фейсбук парақшасы
Жыл басынан бері өткізілген іс – шаралардың негізі облыстың 85 жылдық мерейтойына бағытталды.
Облыс көлемінде жас таланттарды табу мақсатында 2 халықаралық,13 республикалық,1 аймақтық және 68 облыстық байқау-фестиваль,жыр мүшәйралары, ақындар айтысы ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Биыл тұңғыш рет композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев атындағы «Туған жер» І халықаралық әншілер конкурсы,ұлт руханиятының көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Ұлт руханияты және Темірбек Жүргенов мұрасы: жасампаздығы мен зерттелу кеңістігі» тақырыбында халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция, «Жыр арқауы – Жүргенов» атты республикалық жыр мүшәйрасы, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «АЛЖИР» музейінің бірлесуімен «Қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты дөңгелек үстел, ақын, жырау Қаңлы Жүсіптің 150 жылдығына арналған «Қара өлеңнің шебері – Қаңлы Жүсіп» атты республикалық ақындар айтысы, 3 жылда бір рет өткізілетін Түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық-өнер фестивалі өткізілді. Бұл мәдениеттегі мардымды жұмыстардың нәтижесі.
Біліктілікті арттыру білім сапасын көтереді. Биылдан бастап аймақ басшысының қолдауымен облыстың мәдениет саласындағы 10 маман шет елдерде біліктілігін арттыруды бастады.Облыстық филармонияның солистері 23-28 қазан аралығында Италия мемлекетінің Анкона қаласындағы Озимо опера академиясында біліктілігін арттырса, 20 қарашада театр, филармония және халық шағармашылығы орталығының шығармашылық және техникалық мамандары шеберлік дәріске қатысу үшін Беларусь Республикасының Витебск қаласына іссапарға шықты.
– Ақындыққа бейімі бар балаларды айтыс өнеріне баулу, шыңдау мақсатында өңірімізде тұңғыш рет «Айтыс олимпиадасы» облыстық балалар мен жасөспірімдер айтысы өткізілді. Сонымен қатар, республика көлемінде тұңғыш рет Сыр жас ақындарының Алматыдағы Поэзия күндері өтті.
Бабалар дәстүрін жаңғырту мақсатында «Қоңыр әңгіме» жобасы іске асырылды. Рухани кештің алғашқы қонақтары ақын, жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы және жырау, фольклортанушы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Алмас Алматов бабалар болмысындағы ізгі қасиеттер мен асыл құндылықтарды қоңыр әңгіменің арқауы етті. Аймақ басшысының қолдауымен облыстың 85 жылдығына орай тарихи деректердің көшірмесін алу мақсатында облыстық архив қызметкерлері Ресей Федерациясы Орынбор біріккен мемлекеттік архивінде зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы облыс тарихына қатысты құжаттардың 2000-ға жуық парақ көшірмелері алынды. Бұл құжаттар толық зерделеніп, заңнама талаптарына сәйкестелгеннен кейін жалпы жұршылықтың пайдалануы үшін қолжетімді болады”,- деді басқарма басшысы Мира Жомартқызы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<