Фото: Kazinform
Жыл аяғына қарай онкологияға шалдыққандардың саны былтырғы көрсеткіштен де асып түсуі мүмкін. Бұл туралы Қазақ ғылыми онкологиялық және радиологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
Диляра Қайдарова Қазақстан онкологтары мен радиологтарының ІХ съезі кезінде БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жыл сайын обырдың қаншалықты өршіп келе жатқаны туралы мәлімет ұсынған болатын.
«2022 жылы онкологияға шалдығудың 40 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді. Өлім-жітім көрсеткіші 13 мың болды. Бірінші орында – бездің қатерлі ісігі, екінші орында – өкпе обыры, арықарай асқазан обыры, ішектердің қатерлі ісігі, жатыр мойны обыры деп кете береді. Ең жиі кездесетін бес түрі осылар», – деді маман.
Оның сөзінше, 2023 жылдың алты айында онкологиялық ауруға шалдыққан жаңа науқастардың саны 20 мыңнан асып кеткен.
«Жыл аяғына қарай жаңа тіркелген науқастар саны 42-43 мыңнан асатын шығар деп отырмыз», – деді Диляра Қайдарова.
Сондай-ақ ол Ұлытау облысында, Алматы облысының Қонаев қаласында, Жетісу облысының Талдықорған қаласында, Қостанайда, Ақтөбеде онкологиялық орталықтар салынатынын айтты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<