Биыл Қызылордада 76 тұрғын үй салынады

977

0

Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл тұрғын үй құрылысына және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бюджет қаражаты есебінен 10,5 млрд теңге бөлінді. Аталған қаржыға барлығы 1 572 пәтерлік 76 көпқабатты тұрғын үй салынып, қолданысқа берілетін болады. Бұған қоса, нақты кезеңде 487 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Оның 211-і Қызылорда қаласында, қалған 276-сы аудандарда орналасқан.

Айта кетерлігі, халықтың әлеуметтік осал топтары мен аз қамтылған отбасыларға арналған 342 пәтер сатып алуға бюджеттен 2,9 млрд теңге бөлінді. Баспананың 192-сі Қызылорда қаласы, қалғандары аудан тұрғындарына беріледі. Сондай-ақ, жалға берілетін 1020 пәтерді құрайтын 95 тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда. Мәселен, Шиеліде – 72 пәтерлі 4 тұрғын үй, Байқоңыр қаласында 250 пәтерлі 5 үй, Сырдария ауданында – бір пәтерлі 33 үй, Қызылорда қаласында 590 пәтерлі 12 тұрғын үй.

Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 75 пәтерлі 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі.Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 665 пәтерді құрайтын 38, жеке қаражат есебінен 220 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы салынады. Жалпы, облыста биыл 644,7 мың шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<