Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді.
Бұл бастамаға мектептің барлық қызметкерлері мен ата-аналары түгелдей қатысып, 1 800 000 теңгеден астам қаражат жинады. Оған азық-түлік, гигиеналық құралдар, киім, қап, күрек және тағы басқа құрылыс материалдары алынды. Оқушылар да акцияға үн қосып, мектепке қажетті кеңсе тауарларын жинақтады.
Айта кетейік, «Біз біргеміз» республикалық акциясы еліміздің барлық Зияткерлік мектептерде өтті. Табиғи апаттан зардап шеккендерге NIS 23 миллион теңгеден астам қаражатқа көмек көрсетті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<