Біздің қызмет халық мүддесі үшін

440

0

Ең бірінші барша әріптестерімді 6-желтоқсан Қазақстан Республикасының «Прокуратура күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

1991-жылдың 6-желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің арнайы Қаулысымен Қазақ КСР-ның Бас прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.

1992-жылдың 17-қаңтарында Жоғарғы Кеңес Қаулысымен «Қазақстан Республикасының Прокуратуасы туралы» Заң күшіне енді.

1994 жылы 12 ақпандатұңғыш Президенттің Қаулысымен Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл құжатта прокуратура органдарын реформалаудың негізгі қағидалары анықталды.

Осыдан кейін қадағалаушы органның міндеті мен жүктемесі айқындалып, азаматтарымыздың құқығын қорғау жұмыстары жаңа деңгейге көтерілді.

Мемлекет жүктеген тапсырмаларды сапалы орындау сіздер мен біздерге жүктелген ортақ міндет. Ел үшін атқарылатын осындай жауапты істе, прокуратура органдары қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. 

Мемлекетіміздің қабырғасы қаланып, тәуелсіз ел ретінде қалыптасуына қосып келе жатқан әріптестеріміздің ерен еңбектерінің бағасын беретін, әрине халық!

Биылғы жылы Қызылорда облысы прокуратурасымен бірқатар оңды жұмыстар атқарылды.

Қадағалау жұмыстарының нәтижесінде 553 прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, мемлекет бюджетіне 1,1 млрд. теңге өндіріп, 257 мың адамның құқығы қорғалды.

Құны 273 млн теңгеге тең мүлік мемлекетке қайтарылды.

Мысалы, жергілікті атқарушы органдардың қызметінде нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде біздің актімен13 мың адамға 1 млрд теңге экологиялық төлемдері төленді.

Бюджетке қаржы өндіру бағытында да бірқатар оңды жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылар Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыруға 800млн теңге аударымдар жасамағаны анықталды.

Энергетика министрлігіне қадағалау актісі енгізіліп, мұнай компаниялары мемлекет бюджетіне қаржы төледі.

170 мың кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалды.

Мысалы, облысымыздағы мектептердің қауіпсіздік мәселесі зерделенді.

Нәтижесімен 51 мектепте күзетуге лицензиясы бар күзет мекемелерімен шарттар жасалмағаны анықталды.

Әкімдікке заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізіліп, 62,7 млн теңге қаржы бөлінді.

1 173 кәсіпкердің құқығы қорғалды, кәсіпкерлерге тиесілі 88,6 млн теңге қаржылары қайтарылды.

Биылғы жылдан бастап прокуратура органдары инвестициялық жобалардың кедергісіз іске асырылуына, инвесторлардың құқықтарының шектелмеуіне қадағалау жұмыстарын бастады.

Прокуратураның сүйемелдеуімен Қармақшы ауданындағы құны 3 млрд. теңге болатын құс фабрикасы сумен жабдықтау жүйесіне қосылып, толығымен іске қосылды.

Полиция органдары 4 млн теңге шығынды қажет ететін жабдықтармен және күзет қызметімен қамтамасыз ету туралы 60 кәсіпкерлік нысанға ұсыныстар беріп, заңсыз тәжірибе қалыптасқаны белгілі болды.

 Қадағалау актісімен аталған ұсыныстар кері қайтарылып, 15 полиция қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар Қызылорда жылу электр орталығымен техникалық шарттарға артық талаптар белгіленіп, 41 кәсіпкердің құқықтары шектелгені анықталды.

Қадағалау актісі негізінде техникалық шарттардағы артық талаптар алынып тасталып, Жылу орталығына 5 млн теңге әкімшілік айыппұл (ӘҚБтК-ның 164-бабының 4-бөлігі) салынып, ол толық төленді.

Жер саласында 19 ұсыну енгізіліп, құны 229 млн теңге құрайтын 73 жер учаскесі (69 мың га) мемлекетке қайтарылды.

Алимент бойынша прокуратура органдарымен 15 ұсыну енгізіліп, нәтижесімен 148 борышкер әкімшілік, 40 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қадағалау актілерімен 67,1 млн теңге берешек қарыз өндірілді.

Алимент төлеуден жалтарған 5 борышкер Қылмыстық кодекстің  139-бабымен жауаптылыққа тартылды.

Қызылорда облысы прокуратурасымен бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Оған қоса апта сайын азаматтарымызды жеке қабылдап, арыз шағымдарын тыңдап, оңды шешілуіне бағытталған тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Н.Дүйсенбаев,

Қызылорда облысы прокурорының орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<