Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуда «Ақылды технологиялар» мүмкіндігін пайдалана отырып, аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталу керек екендігін атап айтқан болатын. Осыған байланысты, қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Е-АПК» бағдарламасын әзірледі.
Бағдарлама негізгі 2 бөліктен тұрады. Оның біріншісі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен процестерді автоматтандыруға қатысты болса, екіншісі IT-бизнес пен АӨК субъектілері арасында өзара іс-қимыл жүйесін құруға арналады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен процестерді автоматтандыруға байланысты Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №6-3/597 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына былтырғы 22 қазандағы №429 бұйрықпен бірқатар өзгерістер енгізіліп, өтінімдерді қабылдау биылғы жылдан бастап министрліктің «Qoldau.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ж.МҰСТАЯПОВ,
облыстық
ауыл шаруашылығы
басқармасының
бас маманы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<