БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ГРАНТТАР

319

0

Қазақстандық коммерциялық емес ұйымдарды жаңа деңгейге шығару қолға алынды. Олардың бір тапсырыстан екінші тапсырысқа дейінгі уақыты өтті, енді әлеуметтік бизнеске бет бұрып, табыс табудың жаңа жолдарын үйренетін болады. Дәл осы мақсатпен елімізде 18 маусымнан бастап «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасы іске қосылды.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен жүзеге асырылатын болады. Оның мақсаты – ел өңірлерінде әлеуметтік кәсіпкерліктің мәдениетін дамытуды ынталандыру болып табылады.

Ережеге сай грант – қызметі әлеуметтік қызмет көрсетуге немесе халықтың әлеуметтік осал топтарына жұмыс орындарын құруға бағытталған КЕҰ ғана беріледі.

Жобаға қатысу коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне кәсіптік оқытудан өтуге, барлық қажетті іскерлік дағдыларды иеленуге және 500 000 теңге көлеміндегі грант ұтып алуға мүмкіндік береді.

Жобаға қатысу үшін үміткерлер 2018 жылдың 12 шілдесіне дейін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми сайтындағы www.sk-trust.kz  онлайн сауалнаманы толтыру керек. Сауалнамаларды қарағаннан және іріктегеннен кейін, қатысушылар Қызылорда қаласында өткізілетін тренингтерге шақырылады. Тренинг нәтижесінде үміткерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері бойынша курсқа қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталады.

Тренинг соңында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын қорғайды. Олардың ішіндегі ең үздік деп танылғаны әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 500 000 теңге көлемінде қаржыландыру алады. Грантты алғаннан кейін, коммерциялық емес ұйымдарға жоба әкімшілері қаражаттың мақсатты пайдаланылып, бизнес-жобаның тиімділігін қадағалау мақсатында қолдау көрсетеді.

«ӘREKET» жобасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Қызылорда облысынан басқа жоба Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қамтыды.

 «Менің елім» бағдарламасы Қордың компаниялар тобы бар аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар сериясын біріктірді, онда еншілес ұйымдар қала құрушы компаниялар болып табылады. Бағдарламаның бас­ты мақсаты – өңірлердегі халықтың өмір сүру сапасын Астана және Алматы қалаларының деңгейіне дейін көтеру.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<